Раиси: Тәуелсіздік рухы – Иран мен Вьетнам халықтарының ортақ қасиеті
(last modified Thu, 10 Aug 2023 18:33:41 GMT )
Там 11, 2023 00:33 Asia/Almaty
  • Раиси: Тәуелсіздік рухы – Иран мен Вьетнам халықтарының ортақ қасиеті

Иран Президенті Вьетнам Парламентінің төрағасы Выонг Динь Хюэмен кездесуінде тәуелсіздік рухын екі ел халықтарының ортақ қасиеті деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сейсенбі күні кешке Вьетнам Парламентінің төрағасымен кездесуінде қоқан-лоқылар мен санкцияларға қарамастан Иранның ғылым, технология мен өнеркәсіп салаларындағы үлкен жетістіктеріне тоқталып, Иран халқының осы санкцияларды залалсыздандыруға ірі қадамдар жасап, сауда мен өндірісті дамытуға баса назар аударып отырғанын айтып: "Иран мен Вьетнамның сауда-экономикалық қарым-қатынасы өзара дипломатиялық байланыстай дамымаған. Бұл сапар парламентаралық қатынасты дамытумен қоса, екі елдің сауда-экономикалық қатынасын дамытуда бетбұрыс нүктесі бола алады",-деді.

Вьетнам Парламентінің төрағасы да осы кездесуде Батыстың залым санкцияларына қарамастан Иран халқының үлкен жетістіктерге жетуін Вьетнам халқы үшін мақтан тұтарлық және шабыт сыйлайтын жетістіктер деп атап: "Вьетнам Иранмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға және оны аймақтық және халықаралық әріптестік деңгейіне жоғарылатуға ниетті",-деді.

Тегтер