Амир Абдуллахиан: Иран Украина соғысында ешбір тарапты жақтамайды
https://itolqyn.com/news/world-i71674
Иран Сыртқы істер министрі Украинаға қарсы соғыста ирандық ұшқышсыз ұшақтардың пайдаланылуы туралы ешқандай беделді құжат көрсетілмегенін айтып: "Украина соғысында ешбір тарапқа жақтаспадық және жақтаспаймыз да. Украина соғысын шешім жолы деп санамаймыз. Жауласушы тараптар саяси шешім жолдарын табуға талпынуы керек",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 11, 2023 20:56 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран Украина соғысында ешбір тарапты жақтамайды

Иран Сыртқы істер министрі Украинаға қарсы соғыста ирандық ұшқышсыз ұшақтардың пайдаланылуы туралы ешқандай беделді құжат көрсетілмегенін айтып: "Украина соғысында ешбір тарапқа жақтаспадық және жақтаспаймыз да. Украина соғысын шешім жолы деп санамаймыз. Жауласушы тараптар саяси шешім жолдарын табуға талпынуы керек",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан кеше, бейсенбі күні Иран мен ОАР-дың ортақ ынтымақтастық комиссиясының 15-ші отырысында: "Ирандық дрондардың Украина соғысында қолданылғаны туралы айып толығымен қате",-деді.  

Амир Абдуллахиан: "Осыған қатысты Украина Сыртқы істер министрімен бірнеше рет сұхбаттасып, тіпті екі ел әскерилері бір-бірімен кездесіп, Украина мен кейбір Батыс елдерінің ирандық дрондардың Украинаға қарсы қолданылғаны туралы ұсынған құжаттарын талқылайды деп келістік",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Иран мен Украинаның әскери делегациялары 7 ай бұрын Оманда кездесіп, сұхбаттасты, бірақ Украинаның әскери делегациясы ирандық делегацияға ешбір беделді құжат көрсетпеді",-деді.