Қазақстан Новороссийск айлағының қауіпсіз жұмысын кепілдендіруге дайын
(last modified 2023-08-11T17:08:28+00:00 )
Там 11, 2023 23:08 Asia/Almaty
  • Қазақстан Новороссийск айлағының қауіпсіз жұмысын кепілдендіруге дайын

Қазақстанның Энергетика министрі Новороссийск айлағындағы Ресей теңіз базасына Украина шабуыл жасағаннан кейін: "Астана үкіметі Қара теңіздегі осы айлақтың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар атқаруға дайын",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев үкімет отырысы аясында: "Мұнай терминалын қолданушылар – әлемнің ірі тұтынушылары, соның ішінде Еуроодақ елдері. Бұл айлақтың қауіпсіздігін кепілдендіру үшін Қазақстан саяси деңгейде іс-шаралар атқарады",-деді.

Алмасадам Сатқалиев келісімдер сақталмаған жағдайда Қазақстан қолдау бағдарламасын жүзеге асыратынын айтып: "Әлем экономикасында бұл мұнай құбырының маңыздылығын ескере отырып, ірі мұнай компаниялары айлақта тұрақтылық болуын қалайды. Жағдай тұрақталады деп үміттенеміз",-деді.

Айта кету керек, 4 тамызда Ресейдің Қорғаныс министрлігі: "Украина күштерінің дрондары Новороссийск айлағындағы ресейлік теңіз базасына шабуыл жасады",-деп мәлімдеді.

Тегтер