Украина Ресейге контр-шабуылдың алғашқы екі аптасында Батыстан алған қару-жарақтардың 20 пайызынан айырылды
АҚШ-тың Messenger ақпарат сайтының хабарлауынша, Украинаның Ресейге контр-шабуылының алғашқы екі аптасында Батыстан алған қару-жарақтардың 20 пайызы соғыс алаңдарында қирады немесе жойылды.
Messenger ақпарат сайты бұл статистиканы Oryx аналитикалық зерттеу базасының мәліметтеріне сүйене отырып жариялады. Бұл база тек қару-жарақтар мен әскери жабдықтардың шығынын тіркеп, суреттермен куәлендіреді.
Осы мәліметтер бойынша, АҚШ-тың Брэдли әскери көлігі – ең көп зардап шеккен жабдықтардың бірі. Батыс елдері Украинаға берген 95 әскери көліктің кемінде 50-і жойылды.
Украинаның контр-шабуылы екі ай бұрын басталды. Киев басшыларының мойындауынша, осы күнге дейін контр-шабуыл баяу жылжыды. Осы шабуылда Украинаның әскери жабдықтарының ауқымды түрде жойылуы осы ел Президенті Володимир Зеленскийдің Батыс одақтастарынан контр-шабуылға көбірек әскери жабдықтар жіберуін сұрауына себеп болды.