Там 16, 2023 00:53 Asia/Almaty

Иран Қарулы күштері мен Қорғаныс министрлігі Ресейдің қорғаныс көрмесінде жаңа әскери жетістіктер, соның "Сайяд" әуе-қорғаныс кешені, басқа да зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарды таныстырды.

Ресейдің "Армия-2023" форумы аясында халықаралық әскери-қорғаныс көрмесі кеше, дүйсенбі 14 тамызда басталды. Көрмеге Ресей мен басқа елдер, соның ішінде Иран қатысып жатыр.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Қорғаныс министрлігі осы әскери-қорғаныс көрмесінде өзінің әскери саладағы түрлі жетістіктерін жұрт назарына ұсынды.

Иранның павильонында қашықтан басқарылатын "Балабан" бомбасы, "Қаем" бомбасы, "Садид", "Алмас" пен "Туфан" зымырандары көрмеге қойылған.

Ресейдің қорғаныс көрмесіндегі Иранның павильонында алғаш рет ұшу қашықтығы 86 км болатын "Абабил" зымыраны көрсетілді.

Мұнымен қоса, Иранның "Мұхаджер-6", "Каррар", "Ораш-2" мен "Шахид-129" ұшқышсыз ұшақтары, "Саба-248" тікұшағы мен "Ясин" жаттығу ұшағы да көрмеге қойылды.     

Тегтер