Там 17, 2023 00:23 Asia/Almaty
  • Иранның Қытайға мұнай экспорты соңғы 10 жылда ең жоғары деңгейге жетті

Кеплер институтының хабарлауынша, Қытай әлемде ең ірі мұнай импорттаушы ел ретінде 2023 жылы шілдеде күніне Ираннан шамамен 1,5 млн баррель шикі мұнай импорттады. Бұл 2013 жылдан бергі ең үлкен көлем.

"Тасним" ақпарат агенттігінің Кеплер институтына сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның санкцияға ұшыраған мұнайын Қытайға импорттау көлемі соңғы он жылда ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Әлемде мұнай бағасының өсуі Қытайдың мұнай өңдеу зауыттарына Иранның арзан мұнайының тартымдылығын арттыра түсті.

Осы мәліметке сәйкес, биыл Иран мұнайын экспорттау арта түсті және оның көбі Қытайға жөнелтілді.

Мұнайдың тасымалдануын бақылайтын Кеплер институтының хабарлауынша, Қытай биылғы жылдың алғашқы 7 айында Ираннан орташа есептегенде күніне 917 мың баррель мұнай импорттады.    

Тегтер