Там 17, 2023 01:19 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресей арасында мемлекеттік шекара сызықтарын белгілеу туралы құжат дайындалды

Қазақстан мен Ресейдің ортақ шекаралық комиссиясының 131-ші отырысында шекара сызықтарын белгілеу туралы қорытынды құжаттың алғынұсқасы дайындалды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресейдің ортақ шекаралық комиссиясының 131-ші отырысы өтті. Қазақстан СІМ: "Тараптар екі ел арасындағы мемлекеттік шекара сызықтарын белгілеу туралы қорытынды құжаттың алғынұсқасын бекітіп, мемлекеттік шекараны белгілеуге қатысты тақырыптарды талқылады",-деп мәлімдеді.

Осы мәлімет бойынша комиссияның келесі отырысы қыркүйек айында Қазақстанда өтеді. 

Тегтер