Германия үкіметі Құранға құрметсіздікті іріткі салушы әрекет деп атады
(last modified Thu, 17 Aug 2023 18:17:13 GMT )
Там 18, 2023 00:17 Asia/Almaty
  • Германия үкіметі Құранға құрметсіздікті іріткі салушы әрекет деп атады

Германия үкіметінің баспасөз өкілі: "Құранды өртеу – арандатушы әрі іріткі салушы әрекет. Біз мұнымен күресіп, оны айыптаймыз",-деді.

Германия үкіметінің баспасөз өкілі Кристиана Хофман баспасөз отырысында: "Германия үкіметі Құранды өртеуге қатысты әрдайым айқын позиция ұстанады. Бұл – құндылықтарға құрметті бұзатын ойластырылмаған әрекет",-деді.

Кристиана Хофман: "Сөз бостандығы биік құндылық саналатыны анық. Бірақ біздің ойымызша, іріткі салу әрекеттері сөз бостандығына үлгі бола алмайды",-деді.

Германия үкіметінің баспасөз өкілі бұл позицияны осы ел канцлерінің Данияға сапарына қатысты "Олаф Шольцтың Дания Премьер-министрі Фредерикпен кездесуінде Құран өртеу тақырыбы қозғала ма, жоқ па?" деген сұраққа жауап ретінде айтты.

Өткен айларда Дания мен Швеция елдерінде Құран кітабына қатысты арандатушы әрекеттер жасалды. Бұл әлем мұсылмандарының ашу-ызасын тудырды.

Қазіргі таңда Дания мен Швеция басшылары осындай арандатушы әрекеттерге шектеу қоюды көздеп отыр.  

 

Тегтер