Бразилия Сыртқы істер министрі: Иран BRIKS-тың мақсаттарын орындауға көмектесуге қажетті зор әлеуеттерге ие
(last modified Fri, 18 Aug 2023 13:17:35 GMT )
Там 18, 2023 19:17 Asia/Almaty
  • Бразилия Сыртқы істер министрі: Иран BRIKS-тың мақсаттарын орындауға көмектесуге қажетті зор әлеуеттерге ие

Бразилия Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатта өз үкіметінің Иранмен әріптестікті нығайтуға ниетті екенін айтып:"Иран BRIKS-тың мақсаттарын орындауға көмектесуге қажетті зор әлеуеттерге ие",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі осы телефон арқылы сұхбатта екі ел қарым-қатынасының дамып жатқанына ризалық білдіріп:"Байланыстар артқаннан кейін өзара әріптестік үшін ауқымды белсенділікке жағдай жасалады деп үміттенеміз",-деді.

Бразилия Сыртқы істер министрі екі елдің сауда-экономикалық саладағы жоғары әлеуетін ескере отырып, Лула үкіметінің өзара әріптестікті нығайтуды қалайтынын білдірді.

Осы сұхбатта ОАР-да өтетін BRIKS отырысы және осы ұйымды нығайту жайлы пікір алмасылды.  

Тегтер