Там 19, 2023 23:40 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Үндістанның бай өркениеттері – екі елдің ынтымақтастығын дамытуға жақсы негіз

Иран Президенті Иран мен Үндістанның терең тарихы мен бай өркениетін Теһран мен Нью-Делидің екіжақты, аймақтық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын дамытуға жақсы негіз деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сұхбатында: "Иран аймақтық интеграцияны нығайтып, экономикалық байланыстарды дамытуды қалайды. Осы орайда әлем елдері, соның ішінде Азия елдерімен әріптестік жасауды қалайды",-деді.

Иран Президенті Үндістанмен транзит және аймақтық қауіпсіздік саласындағы әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, байланыс жолдарын, әсіресе Солтүстік-Оңтүстік дәлізін дамыту және Чабаһар айлағының нысандарын іске қосуды жылдамдату керегін айтты.

Үндістан Премьер-министрі осы телефон арқылы сұхбатта екі ел арасындағы екіжақты ұзақ мерзімді ынтымақтастық үдерісіне ризалық білдіріп,  Чабаһар айлағында ортақ жобаларды жүзеге асырып, оны аймақтық байланыс орталығына айналдыруды аймақты дамытуға берілген мұрсат деп атап, осы жобаны аяқтау үшін екі елдің ынтымақтастық құжатының қорытынды нұсқасын дайындау керегін айтты.

Тегтер