Швеция құндылықтарды қорғау сылтауымен Құран кітабына құрметсіздік көрсетілуін қолдап отыр
(last modified Sun, 20 Aug 2023 17:15:31 GMT )
Там 20, 2023 23:15 Asia/Almaty
  • Швеция құндылықтарды қорғау сылтауымен Құран кітабына құрметсіздік көрсетілуін қолдап отыр

Швеция Премьер-министрі Олаф Кристенсен: "Біз өзіміздің демократиялық құндылықтарымыздан бас тартпаймыз. Біз өзіміздің өмір салтымызды қорғаймыз. Сонымен бірге біз өзімізге қамқорлық жасаймыз",-деді.

Өткен бірнеше аптада Швецияда Құран кітабына құрметсіздік көрсетілгеннен кейін бұл елде ашулы мұсылмандардың қарсы әрекеттерінің арту ықтималы жоғары.

Швеция Премьер-министрінің хабарлауынша, өткен бірнеше күнде елде бірнеше адам лаңкестік әрекетке қатысты қамауға алынып, бірнеше лаңкестік шабуыл залалсыздандырылды.

Швецияда мұсылмандардың қасиетті кітабына құрметсіздік көрсетілгеннен кейін бұл елде қауіпсіздік ескертулері мен лаңкестік әрекеттер болу ықтималы арта түсті. Шілде айының аяғында екі адам Швеция Парламенті алдында Құран кітаптарын өртеді.