Иранның ұлттық командасы жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
(last modified Sun, 20 Aug 2023 19:31:16 GMT )
Там 21, 2023 01:31 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық командасы жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Кеше кешке өткен алғашқы бес салмақ бойынша кездесуде Ахмадреза Мохсеннежад 63 кг салмақта Қырғызстанның балуанын жеңіп, алтын алды. 77 кг салмақта Әлиреза Абдували Молдова балуанын жеңіп, алтын алды. 130 кг салмақта Фардин Хедаяти Қытай балуанын жеңіп, алтын алды. Алайда 87 кг салмақта Абулфазл Чупани Грузия балуанынан жеңіліп, күміс алды.

Сондай-ақ, екінші бес салмақта Ясин Язди 82 кг салмақта Ресей, Қазақстан, Жапония мен Армения балуандарын жеңіп, финалға шықты. 60 және 67 кг салмақтарда Амирреза Деһбозорги мен Ахура Бавири келесі кезеңге өтсе, 72 және 97 кг салмақтарда Мұхаммедмехди Мири мен Амирреза Акбари жеңіліс тауып, жарыстан шықты.

Чемпионаттың екінші күнінің соңында Иран командасы 105 ұпай жинап, үздік атанса, Қырғызстан мен Қазақстан командалары 60 және 42 ұпаймен екінші және үшінші орынға тұрақтады.

Жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионаты Иорданияда өтті.