Амир Абдуллахиан: Сауд Арабиясы бұрынғыдан өзгеше позициясын берік ұстанып отыр
(last modified Sun, 20 Aug 2023 20:15:48 GMT )
Там 21, 2023 02:15 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Сауд Арабиясы бұрынғыдан өзгеше позициясын берік ұстанып отыр

Иран Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының бұрынғыдан өзгеше позициясын берік ұстанып отырғанын айтып: "Аймақ үшін көпжақты ынтымақтастықтың жаңа тарауы басталды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан жұма күні Сауд Арабиясына екікүндік сапардан қайтып оралып, тілшілерге берген сұхбатында осы елдің Сыртқы істер министрімен бейсенбі күні болған сұхбаттың маңызды бөлігі екіжақты мәселелерге арналғанын айтып: "Теһран мен Эр-Рияд арасында жан-жақты және тұрақты қарым-қатынастар қалыптасуы керек деп есептейміз. Осы шеңберде біз жеке секторда да, мемлекеттік секторда да экономикалық, коммерциялық және туристік салаларда кең ауқымды ынтымақтастық орнатуға келістік",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ жұма күні Сауд Арабиясының тақ мұрагері әрі Премьер-министрі Мұхаммед бен Салманмен кездесіп: "Қос тараптың келісуінше, қауіпсіздік пен тұрақты даму бүкіл аймақы қамтуы тиіс. Өйткені қауіпсіздік пен даму идеясы баршаға ортақ",-деді.

Амир Абдуллахиан ИИР үкіметінің Мұхаммед бен Салманды Теһранға ресми сапармен келуге шақырғанын айтып, тақ мұрагерінің осы шақыруды қабылдап, ел басшыларының Теһранға сапарға тиімді уақытты жоспарлап жатқанын хабарлады.

Тегтер