Қырғызстан президенті Ресейде нәсілшілдіктің ұлғаюын сынады
Қырғызстан президенті Ресейде нәсілшіл топтар белсенділігінің артуы туралы алаңдаушылық білдірді.
ИРНА- ның сейсенбі күнгі хабарлауынша, Алмазбек Атамбаев екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуының 71- ші жылдығын атап өту рәсімінде Ресейдегі нәсілшіл топтар белсенділігін сынаумен қоса, Ресейде жаңа фашизм мен нацизмнің пайда болуы туралы ескерту жасады.
Осы мәлімет бойынша, өткен аптада Мәскеу қаласының метросында бірнеше жігіт Қырғызстанның бірнеше азаматын соққыға жықты.
Өткенде Тәжікстан мен осы аймақтағы өзге елдерде нәсілшіл топтардың Ресейдегі Орталық Азия аймағының азаматтарына шабуылы халықтың қатаң реакциясына тап болған еді.
Бұл Орта Азиялық бір мемлекет басшысының көпшілік алдында осы мәселе туралы ашық сөйлеп, алғаш рет сын пікір айтып отырғаны болып табылады.