Иран Президенті ОАР-ға сапар шегеді
https://itolqyn.com/news/world-i71890
Иран Президенті BRICS-ке мүше елдер саммитіне қатысу үшін сәрсенбі, 23 тамызда ОАР-ға барады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 21, 2023 19:07 Asia/Almaty
  • Иран Президенті ОАР-ға сапар шегеді

Иран Президенті BRICS-ке мүше елдер саммитіне қатысу үшін сәрсенбі, 23 тамызда ОАР-ға барады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси ОАР Президенті Сирил Рамафосаның ресми шақыруымен BRICS-тің 15-ші саммитіне қатысу үшін сәрсенбі күні Йоханнесбургта барады.

Иран Президенті ОАР-ға сапарында әлемнің 70 елі басшыларының қатысуымен өтетін BRICS+ саммитіне қатысып, сөз сөйлеумен қоса, қатысушы елдердің кейбір басшыларымен кездесіп, келіссөз өткізеді.