Там 21, 2023 20:47 Asia/Almaty
  • Путин BRICS саммитіне бейнеконференция арқылы қатысады

Ресей Президентіне қарсы халықаралық үкім шығарылғаннан кейін ол BRICS саммитіне бейнеконференция арқылы қатысады.

The Sky News арнасының хабарлауынша, Ресей Президентіне қарсы халықаралық үкім шығарылғанын және Путинді Йоханнесбурге кірген бетте ұстау талап етілгенін ескеріп, Путин ОАР-ға қиындық тудырмау үшін BRICS саммитіне бейнеконференция арқылы қатысатын болды.  

ОАР қазір Путиннен басқа BRICS-ке мүше елдердің басшыларын қабылдауға дайындалып жатыр.

BRICS биылғы саммитте өзінің әлемге ықпалын арттырып, жаһандық саясат бағытында әрекет етуді көздеп отыр.

Тегтер