Там 21, 2023 21:12 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлері екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы және халықаралық тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан жексенбі күні Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен телефон арқылы сұхбаттасып, оны Сыртқы істер министрі болып қайта тағайындалуымен құттықтап, Иран мен Қытай қарым-қатынасын оң бағалады.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ екі ел басшылары қабылдаған келісімдерді орындау барысында жақсы ілгерілеушілік байқалғанына тоқталып, 25 жылдық жан-жақты ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру керегін айтты.

Қытай Сыртқы істер министрі  Бейжің-Теһран стратегиялық қарым-қатынасын оң бағалап, Қытай үкіметінің ОАР-да өтетін BRICS саммиті туралы көзқарасын баяндап, ұйым мүшелерін кеңейту мәселесіне тоқталды.

Ванг И  "Бір белдеу – бір жол" бастамасына тоқталып, Иранды осы бастамадағы маңызды мүше деп бағалап, бұл елдің келешек отырысқа қатысуын маңызды деп атады.  

Тегтер