Там 22, 2023 00:34 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының кемелері Ормуз бұғазында АҚШ кемесіне ескерту жасады

Ормуз бұғазында Сақшылар корпусы теңіз күштерінің АҚШ-тың тікұшақ тасушы кемесін бақылағаны түсірілген жаңа видеолар осы корпус қолбасшыларының жоғары кеңесінің 24-ші отырысының соңында көрсетілді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Әлиреза Тангсири сенбі күні кешке Ормуз бұғазында АҚШ-тың тікұшақ тасушы кемелерін бақылағаны түсірілген видеоларды түсіндіре келіп: "АҚШ тікұшақтары кемеден көтеріле бастағанда "Зульфақар" кемесі дер кезінде ескерту жасап, Сақшылар корпусының кемелері оқиға орнына келген соң америкалықтар тікұшақтарды кемеге қондыруға мәжбүр болды",-деді.

Әлиреза Тангсири Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қарым-қабілетіне тоқталып, Иран мен ислам елдерінің Парсы шығанағы аймағында қауіпсіздік орнатуға күш-қабілеті жететінін, бөгделердің келуіне қажеттілік жоғын айтып: "Америкалық тікұшақтардың ізіне түсіп, ықтималды қоқан-лоқыларды бақылау, әсіресе трансаймақтық жау елдер кемелерінің қатынасын бақылау Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қарым-қабілеті мен айбынды қызметін көрсетеді",-деді.

Тегтер