Там 24, 2023 20:05 Asia/Almaty
  • Раиси: Иранның BRICS-ке тұрақты мүше болуы АҚШ-тың біржақтылығымен күресті нығайтуға көмектеседі

Иран Президенті Ибрахим Раиси бейсенбі күні BRICS тобының 15-ші отырысы аясында Қытай Президенті Си Цзиньпинмен кездесуінде Иранның BRICS-ке тұрақты мүше болуын осы топтың негізгі мақсаттары, соның ішінде АҚШ-тың біржақтылығымен күресті нығайтуға себеп болатынын айтты.

Иран Президенті Иран мен Қытай арасындағы келісімдерге тоқталып, екі елдің 25 жылдық стратегиялық ынтымақтастық бағдарламасы аясындағы келісімдерді орындау керегін айтты.

Қытай Президенті Си Цзиньпин де осы кездесуде Иранды BRICS-ке тұрақты мүше болуымен құттықтап: "Қытай екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және көпжақтылық үдерісін күшейту үшін түрлі платформаларда әріптестікті дамытуға дайын",-деді.  

 

Тегтер