Раиси: BRICS әлемнің сауда-экономикалық ынтымақтастығында маңызды рөл ойнайды
(last modified Fri, 25 Aug 2023 12:04:39 GMT )
Там 25, 2023 18:04 Asia/Almaty
  • Раиси: BRICS әлемнің сауда-экономикалық ынтымақтастығында маңызды рөл ойнайды

Иран Президенті: "BRICS халықаралық альянсы әлемнің сауда-экономикалық ынтымақтастығында айтарлықтай рөл ойнайды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жұма күні түске дейін BRICS басшыларының 15-ші саммитіне қатысу үшін жасаған ОАР-ға сапарынан қайтып оралғаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында BRICS тобының әлемнің түрлі жерлерінде ықпалды мүшелері барына және олардың тұрғындар саны, ЖІӨ және территория тұрғысынан үлкен үлеске ие екеніне тоқталып: "BRICS мен ШЫҰ сияқты альянстар – біржақтылыққа түбегейлі қарсы, елдердің тәуелсіздігіне құрметпен қарай отырып, ұлттардың дамуы жолында ынтымақтастық пен интеграция жасау үшін құрылған жаңа ұйымдар",-деді.

Раиси BRICS-тың көбіне сауда-экономикалық әріптестікке баса назар аударатынын айтып: "Үстемшіл жүйе Иран сияқты тәуелсіз елдердің аймақ пен әлемде басқа тәуелсіз елдермен қарым-қатынасының дамуына жол бермеуді көздеп отыр. BRICS-қа мүше елдер өзара сауда-экономикалық байланысты кеңейтіп, бөлекше экономика қалыптастыруға көмектесуді мақсат тұтып отыр",-деді.  

Тегтер