Там 26, 2023 19:38 Asia/Almaty
  • Ереванда Иран тауарларының көрмесі өтіп жатыр

Армения астанасы Ереванның халықаралық көрмелер орталығында Иранның еркін экономикалық аймақтарының әлеуеттері мен өнімдері көрмесі өтіп жатыр.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл көрме Иранның Еуразия елдерімен сауда қатынасын дамыту аясында Иран мен Арменияның сауда-экономикалық ынтымақтастық кеңейту мақсатында 25-27 тамыз аралында өтеді.

Еревандағы Иран тауарларының көрмесі аясында Иранның экономикалық басшылары, Арменияның экономикалық белсенділері және Еуразияның түрлі елдерінің экономикалық өкілдерінің қатысуымен отырыстар өткізілді.

Иран тауарларының көрмесіне ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, іргелі ғылымға негізделген компаниялардың өнімдері, өнеркәсіп өнімдері, түрлі құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары, мұнай-химия өнімдері қойылған.

Көрме Иранның өнеркәсібін дамытуға, еркін сауда және арнайы экономикалық аймақтарда жұмыс орындарын ашу үшін шетелден инвестиция тартуға және Иран мен Арменияның экономикалық әріптестігін кеңейтуге мүмкіндік береді.  

Тегтер