Там 27, 2023 19:27 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан мен Моттаки телефон арқылы сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, Иранның техникалық делегациясының Ауғанстанға сапарының нәтижесі негізінде Гильменд хаттамасын орындау керегін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрі Амирхан Моттакимен телефон арқылы сұхбаттасып, Иранның Гильменд суын тұтыну құқығының сақталуы тиістігін айтып: "1972 жылы қабылданған Гильменд хаттамасы негізінде Иранның техникалық делегациясының жуырдағы Ауғанстанға сапарының нәтижесі осы үдерісте ашықтықтың арта түсуіне көмектеседі",-деді.  

Амир Абдуллахиан ирандық тілшілердің босатылғанына тоқталып, бұрыннан қалған кейбір мәселелерді шешу керегін айтты.

Иран Сыртқы істер министрі: "Теһран үкіметі Ауғанстан мен оның халқына жақсылық тілейді",-деді.   

Амирхан Моттаки осы сұхбатта ИИР-ге алғыс айтып:"Кейбір мәселелерді шешуге бағытталған талпыныстар жалғасып жатыр",-деді.

Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрі сондай-ақ Амир Абдуллахианды Кабулге сапармен келуге шақырып, Кабул мен Теһран қарым-қатынасының бауырластық пен тілеулестікке негізделгенін айтты.

Тегтер