Пригожиннің қаза тапқаны расталды
https://itolqyn.com/news/world-i71936-Пригожиннің_қаза_тапқаны_расталды
Ресейдің тергеу комитеті Пригожин ұшағының апатында қаза тапқан 10 адамның жеке басын анықтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 27, 2023 20:47 Asia/Almaty
  • Пригожиннің қаза тапқаны расталды

Ресейдің тергеу комитеті Пригожин ұшағының апатында қаза тапқан 10 адамның жеке басын анықтады.

Iran Press ақпарат агенттігінің Sputnik-ке сілтеме жасап хабарлауынша, Ресейдің тергеу комитеті: "Тверьде болған ұшақ апатының 10 құрбанының жеке басы анықталды. Олар ұшақ жолаушыларының тізіміне сәйкес келеді. Яғни Пригожиннің қаза тапқаны расталды",-деп хабарлады.

Тверьде болған ұшақ апатынан қаза тапқан 10 адамға ДНК тесті жасалды.