Иран Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымының жаттығуларына бақылаушы ретінде шақырылды
Беларусьте өтетін Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымының оқу-жаттығуына бақылаушы ретінде Иран, Сауд Арабиясы, Қытай және Моңғолия өкілдері шақырылды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымының ортақ штабының басшысы Анатолий Сидоров: «Бұл ұйымға мүше елдер Беларусьте өтетін «Жауынгерлік бауырластық-2023» оқу-жаттығуына қатысу үшін мүше емес Иран, Сауд Арабиясы, Қытай және Моңғолия елдерінің өкілдерін бақылаушы ретінде шақырды",- деп хабарлады. Ол болашақ маневрлердің дрондарды қолдануға және олармен күресуге бағытталғаннын мәлімдеді.
Беларусьте 1-6 қыркүйек аралығында Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымының бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығулары өтеді. Келісімдерге сәйкес, бұл оқу-жаттығуға Беларусь Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның ұлттық батальондары қатысады.