Амир Абдуллахиан: Сионистердің аймақта жасаған қылмыстары жауапсыз қалмайды
(last modified Thu, 31 Aug 2023 09:02:32 GMT )
Там 31, 2023 15:02 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Сионистердің аймақта жасаған қылмыстары жауапсыз қалмайды

Иран Сыртқы істер министрі сириялық әріптесімен өткен баспасөз конференциясында: "Сионистік режимнің аймақта жасаған қылмыстары мен басқыншылықтары жауапсыз қалмады және қалмайды да",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Дамаскта Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдадпен кездесуінен кейін өткен баспасөз конференциясында Израиль режимінің Сирияның Алеппо әуежайына және тұрғын аудандарға жасаған шабуылдарын айыптады.

Иран Сыртқы істер министрі: "Сирия мен аймақтың қауіпсіздігі – Теһран мен Дамаскты алаңдатып отырған маңызды тақырып. Иран қауіпсіз, тұрақты және дамыған аймақ қалыптастыру үшін Сирия үкіметі, халқы, армиясы мен басшысын қолдауды жалғастырады",-деді.

Фейсал Микдад ортақ баспасөз конференциясында: "Иран мен Сирия халықтарының батыстықтардың қастандықтары мен түйткілдеріне табанды қарсылығы – теңдессіз ерлік. Бұл екі ел халқының өз үкіметтерінің батыл саясаттарын қолдап отырғанын көрсетеді",-деді.

Тегтер