Иран – тұмауға қарсы рекомбинантты вакцина шығару бойынша әлемдегі екінші табысты ел
(last modified Thu, 31 Aug 2023 09:32:32 GMT )
Там 31, 2023 15:32 Asia/Almaty
  • Иран – тұмауға қарсы рекомбинантты вакцина шығару бойынша әлемдегі екінші табысты ел

Теһранның фармацевттер ассоциациясының хатшысы: "Иран – тұмауға қарсы рекомбинантты вакцина шығару бойынша әлемдегі екінші табысты ел",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Амин Құбади: "Иран – әлемде АҚШ-тан кейін тұмауға қарсы рекомбинантты вакцина шығара алған екінші ел. Отандық биотехнологтардың заманауи технологиялар қолдануының арқасында осындай ірі жетістікке қол жеткіздік",-деді.

Құбади: "Ирандық мамандар 65 доллар тұратын тұмауға қарсы рекомбинантты вакцинаны 5 долларға ұсынып отыр",-деді.