Там 31, 2023 15:54 Asia/Almaty
  • Иран армиясы әуе күштерінің қолбасшысы: Әуе күштері Арбағин зияратшыларын тасымалдау үшін 20 рейс жасайды

Иран армиясы әуе күштерінің қолбасшысы: "Елдің әуе күштері Арбағин зияратшыларына 20 рейс жасап қызмет етеді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бригада генералы Хамид Вахеди осы күштердің Арбағин жаяу шеруіне қызметі туралы: "Арбағин зияратшыларын тасымалдау үшін Мехрабад әуежайынан 20 рейс жасау қарастырылып отыр. Сондай-ақ 3 С-130 ұшағы жедел жәрдем саласында, 2 ұшақ техникалық қолдау саласында Арбағин зияратшыларына қызмет етеді",-деді.

Иран армиясы әуе күштерінің қолбасшысы

Бригада генералы Хамид Вахеди: "Иран армиясы әуе күштерінің күркелері Михран шекарасында, Наджаф пен Кербала қалаларында Арбағин зияратшыларына қызмет ету үшін құрылған. Күркелер ирандық зияратшылар елге қайтқанға дейін жұмыс істейді",-деді.   

 

Тегтер