Иран Сыртқы істер министрі Башар Асадпен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Сирияға сапарының екінші күнінде осы елдің Президенті Башар Асадпен кездесіп, сөйлесті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Башар Асадқа Иран Президенті Ибрахим Раисидің сәлемін жеткізіп: "Сирия үкіметі, халқы мен армиясы өзіне қарсы халықаралық лаңкестік соғыстан жеңіспен шықты. Қазіргі таңда Сирия ең жақсы жағдайда тұр. Бүгінде аймақ пен әлемнің Сирияның күш-қуатын мойындағанына қуаныштымыз. Алайда әлі күнге дейін дұшпандар санкциялар мен экономикалық қысымдарды пайдаланып, Сирия үкіметі мен халқына өздерінің саяси мақсаттарын таңуға тырысып жатыр",-деді.
Башар Асад осы кездесу барысында Иран үкіметі мен халқын БРИКС-ке қосылуымен құттықтап: "Бұл әлемнің өзгеріп жатқанын, сіз бен біздің табанды түрде қорғап жатқан ісіміздің дұрыс екенін көрсетті",-деді.