Зияратшылар әлемнің түкпір-түкпірінен имам Хұсейннің кесенесіне ағылып жатыр
Қыр 03, 2023 15:02 Asia/Almaty
Кербала шәһидтерін еске алуға арналған Арбағин шеруінде әртүрлі түс, тіл мен келбеттен тұратын адамдарды көруге болады. Олардың кейбіреуі мұсылман да емес.
"Әл-Ғадир" телеарнасының тілшісі: "Кербала қаласының көшелерінде қыдырып жүріп, тек осы қалада Арбағин зияраты кезінде ғана көруге болатын сахналарға куә болдым. Кербала облысынан түсі, тілі мен келбеті әрқилы адамдарды көресіз. Мұсылман емес адамдарды да көрдім. Олар осы гуманистік фестивальді көруге келген. Кербалада не болатынын, миллиондаған адамды жүздеген шақырым жаяу жүріп, осы қасиетті қалаға асықтыратын не екенін, жүздеген мың күркенің тәулік бойы зияратшыларға тегін қызмет етуге не нәрсе ынталандыратынын көруге келген",-деді.
Тегтер