Иран Кавказ аймағында қандай да бір геосаяси өзгерістің болуына қарсы
(last modified Mon, 04 Sep 2023 08:49:46 GMT )
Қыр 04, 2023 14:49 Asia/Almaty
  • Иран Кавказ аймағында қандай да бір геосаяси өзгерістің болуына қарсы

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Теһран үкіметінің Кавказ аймағында қандай да бір геосаяси өзгерістің болуына қарсы екенін мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Акбар Ахмадиан жексенбі күні Теһранда Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінде Кавказ аймағындағы өзгерістер мен Теһран үкіметінің осы аймақта қандай да бір геосаяси өзгерістің болуына қарсы екенін айтып, 3+3 отырысын өткізуді аймақ елдері арасында туындаған мәселелерді шешіп, түсініспеушілікті жоюға әсерлі қадам деп атады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иран мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынасты дамытудың екі көршілес елдің тұрақты мүдделерін қамтамасыз ететінін айтып, екі ел ынтымақтастығының терең тарихына тоқталып, оны қауіпсіздік пен тұрақтылық тудырушы фактор деп атады.

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімге ризалық білдіріп, Иранды аймақта жауапкершілігі мол үлкен ел деп атап, осы елдің лаңкестікке қарсы күрестегі рөлін мақтады.   

Тегтер