Тариқ-ул-Уламадағы Арбағин шеруі
Қыр 04, 2023 16:45 Asia/Almaty
Ирактағы Арбағин шерулерінің ең көне бағыттарының бірінен бүгінде зияратшылар Кербалаға қарай бара жатыр.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жыл сайын миллиондаған зияратшы Арбағин шеруіне қатысу үшін Тариқ-ул-Улама арқылы жаяу жүруді таңдайды.
Тариқ-ул-Улама – Кербалаға қарай 90 км-ге созылып жатқан жасыл желекке оранған ең көне жол.
2023 жылы 6 қыркүйекте Кербала даласында шәһид болған әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хұсейн (ғ.) мен оның серіктерінің қырқы болады. Зияратшылар бұл күні Арбағин рәсіміне қатысу үшін Ирактың оңтүстігіндегі Кербала қаласына барады.
Тегтер