Германияның батысындағы бір теміржол стансасында оқ атылды
https://itolqyn.com/news/world-i72154
Германияның батысында орналасқан Вупперталь қаласының орталық теміржол вокзалында үш адамның жанжалы атысқа ұласты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 07, 2023 15:08 Asia/Almaty
  • Германияның батысындағы бір теміржол стансасында оқ атылды

Германияның батысында орналасқан Вупперталь қаласының орталық теміржол вокзалында үш адамның жанжалы атысқа ұласты.

Куәгерлердің айтуынша, сейсенбі күні түстен кейін көшеде үш адам жанжалдасып, олардың бірі қаруын көкке кезеніп, бірнеше оқ атқан.

Әлгі адам жақтасымен бірге орталық теміржол вокзалына қарай жүгірген, үшінші қарулы адам вокзалға қарай бірнеше оқ атқан.

Қарулы адамдардың бірі ұсталып, тергеуге жіберілді. Қалған екі адамды анықтап, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Федералдық полиция күштері жағдайдың қауіпті болуына байланысты Вупперталь қаласының орталық теміржол вокзалының айналасын бақылауға алды.