Жапония: Теһран-эр-Рияд келісімі – аймақтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған оң қадам
Жапония Сыртқы істер министрі Есимаса Хайяси Лондонда шығатын "әш-Шарқ әл-Аусат" газетіне берген сұхбатында ИИР мен Сауд Арабиясының екіжақты қарым-қатынасты қайта бастау туралы келісімге келгеніне ризалық білдірді.
Есимаса Хайяси осы туралы: "Жапония Иран мен Сауд Арабиясының дипломатиялық қарым-қатынасты қайта бастау туралы келісімін қолдайды. Мұны аймақтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған оң қадам санайды. Бұл келісім Батыс Азия аймағындағы түрлі мәселелер, соның ішінде Йемен мәселесін шешуде оң рөл ойнайды деп үміттенеміз",-деді.
Иран мен Сауд Арабиясы Иракта бес рет қауіпсіздік келіссөзін өткізіп, Оманда 3 рет кездесіп, осы екі елдің араағайындығы арқасында х.ш.ж.с.б. 1401 жылы 19 есфандта Бейжіңде дипломатиялық қарым-қатынасты қайта бастау туралы келісімге қол қойды.