Қыр 09, 2023 15:31 Asia/Almaty
  • Әлем халқының жартысы биылғы қатты ыстықтан зардап шегуде

Зерттеушілер биылғы жылдың маусым-тамыз айларында әлем халқының жартысы кем дегенде 30 күн климаттық дағдарысқа ұшырап, қатты ыстықтан зардап шеккенін мәлімдейді.

 

Climate Central  ұйымының зерттеушілері: "Биылғы жазда бір айдан астам уақыт бойы жер шары халқының 3,8 миллиардтан астам адамы қатты ыстықтан зардап шекті.  Планета тұрғындарының барлығы дерлік, шамамен 98% -ы маусым-тамыз айларында кем дегенде бір рет қатты ыстықтан зардап шекті",- деп жариялады. Бұл зерттеушілердің есебіне сәйкес, жер бетіндегі ең ұзақ, шамамен үш айға тең жылу кезеңінде, күн сайын шамамен 1,5 миллиард адам қатты ыстыққа ұшыраған.

Independent басылымының хабарлауынша, БҰҰ биылғы жазды Солтүстік жарты шардағы адамдар үшін «ең ыстық жаз» деп жариялады.

Climate Central  ұйымының 180 елдегі жылу деңгейін зерттеген зерттеушілері биылғы аптап ыстықтан барлық тұрғындар зардап шеккенін мәлімдеді.

 

Тегтер