Қыр 10, 2023 20:43 Asia/Almaty
  • Қазақстан: ДАИШ-тың

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары Шанхай отырысында: "Ауғанстандағы ДАИШ-тың "Хорасан" тармағы Орталық Азия елдеріне қауіп төндіріп отыр",-деді.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Руслан Сейсембаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының 40-шы отырысында: "Ауғанстанның қазіргі үкіметі әлі күнге дейін қауіпсіздікті кепілдендіретін ықпалды мемлекеттік жүйе құра алмады",-деді.

Руслан Сейсембаев: "Ауғанстан әлі күнге дейін кейбір лаңкестік топтардың жиналатын орталығы болып отыр. ДАИШ-тың "Хорасан" тармағы Орталық Азия елдеріне күн сайын артып келе жатқан ең үлкен қауіп саналады",-деді.

Руслан Сейсембаев: "ДАИШ-тың "Хорасан" тармағы Ауғанстанда Ресей мен Пәкістанның дипломатиялық өкілдіктеріне шабуыл жасады. ДАИШ лаңкестері Кабулдағы бір қонақ үйде Қытай азаматтарын өлтірді. Бұл лаңкестік топтың басшылары әлі күнге дейін джиһадқа шақырып жатыр",-деді.

Руслан Сейсембаевтың айтуынша, Ауғанстандағы әл-Каида мүшелерінің саны 500-ге жетті, олар да ШЫҰ-ға мүше елдерге қауіп саналады.

Сейсембаев "Термез-Кабул-Пешавар" теміржол дәлізі мен "Тапи" газ құбырының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты алаңдаушылық білдірді.    

Тегтер