Қыр 11, 2023 20:22 Asia/Almaty
  • Канани: Әзірбайжан әскери әрекет бастамайды

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Арменияның алаңдағанына қарамастан, Әзірбайжан тарапы Иранды ешқандай әскери әрекет бастамайтынына сендірді",-деді.

Канани: "Иран өзінің солтүстіктегі шекараларының қауіпсіздігіне айрықша маңыз береді, сондықтан аймақтағы өзгерістерді ерекше бақылауда ұстайды",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ирактың Күрдістан аймағын қарусыздандыру, лаңкестік және сепаратистік күштерді аймақтан шығару туралы: "Ирак үкіметі осы салада жақсы істер атқарды. 28 шахриварға дейін берілген мұрсат мүлдем ұзартылмайды",-деді.

Канани: "Келісім бойынша, Иранның босатылған активтері алдағы күндері толық қайтарылады",-деді.  

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Парижде Иран елшілігіне жасалған шабуылды айыптап: "Иран Франция үкіметіне өз наразылығын білдірді. Мәселе қарастырылып жатыр",-деді.

Тегтер