Қыр 14, 2023 19:34 Asia/Almaty
  • Армения: Әзірбайжан республикасынан бейбітшілік орнату туралы жаңа ұсыныс алдық

Армения Сыртқы істер министрі Әзірбайжан республикасынан бейбітшілік орнату туралы жаңа ұсыныс алғанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян сәрсенбі күні осы елдің Парламентінде: "Ереван тез арада бейбіт келісімге қол қоюға ниетті",-деді.

Арарат Мирзоян: "Соңғы сұхбаттардан кейін Армения Баку үкіметіне өзара қарым-қатынасты қалыптандыру туралы келісімнің бесінші нұсқасын жіберді. Олардан жаңа ұсыныстар алдық",-деді.

Арарат Мирзоян келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтып: "Тараптардың позициясы әлі де алшақ бірқатар маңызды тақырыптар бар",-деді. 

Тегтер