Қыр 14, 2023 23:29 Asia/Almaty
  • Орталық Азияда суға қатысты текетірес туындауы мүмкін

Еуразия даму банкінің директорлар кеңесінің басшысы Орталық Азия елдері арасында суға қатысты текетірес туындау ықтималын ескертті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Николай Подгузов сейсенбі күні: "Орталық Азия суды тиімді пайдаланудың ең төменгі көрсеткішіне ие. 2040 жылға дейін Орталық Азияның кейбір аймақтарында суға қатысты текетірес 8,2 есе артады деп болжанып отыр",-деді.

Николай Подгузов: "Орталық Азия елдері климаттық өзгерістен ең көп зардап шегіп отыр. Бұл суға қатысты текетірестің күшеюіне әкеліп соқтырды. Жағдай бұдан да нашарлай түспек",-деді.  

Николай Подгузов: "Әлем бойынша орташа есеппен алғанда Орталық Азияда ауа температурасы одан ары көтеріледі деп болжануда. Бұл аймақта су ресурстарының нашарлауы ұзақ мерзімде азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікке теріс әсер етеді. Сондай-ақ аймақ елдері арасында суға бәсекелестік артуы мүмкін",-деді.

Еуразия даму банкінің директорлар кеңесінің басшысы: "Орталық Азиядағы шектеулі су ресурстары егіс алқаптарын суаруға және электр қуатын өндіруге   қолданылады. Екі ірі трансшекаралық өзен – Амудария мен Сырдарияның суы Арал теңізіне құяды",-деді.

Николай Подгузов: "Бұл ресурстар теңсіз бөлінеді. Жылдық ағымның 77 пайызға жуығы Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты өзеннің жоғары сағасында орналасқан. Су ресурсының 85 пайызы Өзбекстан, Түркіменстан мен Қазақстан сияқты өзеннің төменгі сағасында егіс алқаптарын суаруға қолданылады",-деп еске салды.

Тегтер