Қыр 16, 2023 18:07 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Иранның ішкі істеріне араласуын жалғастыруда

Еуроодақ Иранның ішкі істеріне араласу сипатындағы ұстанымын жалғастырып, жұма күнгі мәлімдемесінде Теһранға қарсы оныншы санкциялар пакеті қабылданғанын хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуроодақ сайтында жарияланған санкциялар бойынша Сақшылар корпусының имам Әли (ғ.) орталық қауіпсіздік гарнизонындағы бас қолбасшысының орынбасары Ғұламхұсейн Ғейбпарвар, Мазандеран облысының жаңа тәртіп қолбасшысы Хасан Мафхами Шахристани, Фарс облысының тәртіп қолбасшысы Рахамбахш Хабиби, Фардис түрмесінің басшысы сейіт Джавад Тахамиге адам құқығы сылтауымен санкция салынды.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның әлеуметтік желілерге қатысты жоғары кеңесі, Санандадж, Захидан, Исфахан мен Фардистің орталық түрмелері Еуроодақ санкциялар тізіміне қосылды.

Осы мәлімет бойынша, санкцияға іліккен адамдар мен органдардың активтері  бұғатталып, Еуроодақтың азаматтары мен компанияларына осы адамдармен қаржылай қатынас жасауға тыйым салынды. Сондай-ақ санкцияға іліккен физикалық тұлғалар Еуроодаққа мүше елдерге сапар шеге алмайды, оларға осы елдерге кіруге немесе өтуге тыйым салынған. 

Тегтер