Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері Кавказ аймағының жағдайы жайлы сұхбаттасты
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан екіжақты қарым-қатынас және Кавказ аймағының жағдайы жайлы сұхбаттасты.
Осы телефон сұхбатында қос тарап Иран мен Әзірбайжанның сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығы туралы мемлекеттік комиссияның ортақ басшылары арасында өткен соңғы жиналыстардың нәтижесі мен келісімдер туралы және алдағы уақытта атқарылатын шаралар жайлы пікір алмасты.
"Тренд" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл сұхбатта жоғары деңгейдегі отырыстар мен салааралық байланыстардың Иран мен Әзірбайжан қарым-қатынасын дамытуға оң әсер етіп жатқаны баса айтылды.
Иран мен Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлері екі елдің қатынасын толық қалыптандыру үшін тиісті шаралар қолдану керегін айтты.