Қыр 17, 2023 19:37 Asia/Almaty
  • Ресей ғарышкерлері ғарышта болу уақытын жаңартты

Ресей ғарышкерлері ғарыш кеңістігінде болу уақытының максималды көрсеткішін жаңартып, ғарыштық зерттеулер тарихына өз есімдерін тіркеді.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей ғарышкерлері Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелин Халықаралық ғарыш стансасында болу уақыты бойынша ең ұзақ миссияны тіркеді. Олар бұрын өздерінің әріптесі Петр Добров тіркеген 355 күн 3 сағат 45 минут 21 секунд уақыт көрсеткішінен асып түсті.  

Ғарышта ұзақ болудың себебі Союз ғарыш кемесінің сыртындағы радиаторда салқындататын сұйықтық құйылған дөңгелектің тесілуі болды.  

Петелин – ғарышкер болумен қатар, Ресейдің осы стансадағы арнайы тілшісі. Ол Халықаралық ғарыш стансасында орналасқан алғашқы тілші. 

Тегтер