Қыр 18, 2023 15:32 Asia/Almaty
  • Иранның бірнеше инспекторды  лицензиясынан айыру заңды әрекеті агенттіктің саясилануының салдары туралы ескертеді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Чафи Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директорының Иранның Агенттіктің бірнеше тәжірибелі инспекторларының лицензиясын қайтарып алу әрекетіне қатысты мәлімдемесіне реакция білдіріп: "Иранның соңғы әрекеті Иран мен Агенттік арасындағы жан-жақты қауіпсіздік келісімінің 9-бабында қарастырылған егемендік құқықтарына негізделген",- деді.

 

Сенбі, 16 қыркүйекте АҚХА Бас директоры Рафаэль Гросси ресми мәлімдеме жасап, Иранның Ядролық қаруды таратуды қамтамасыз ету жөніндегі келісім бойынша елдің қызметін тексеру үшін тағайындалған Агенттіктің кейбір тәжірибелі инспекторларының қызмет лицензиясын жою туралы шешімін жариялады. АҚХА Бас директоры Ираннан шешімін қайта қарап, Иранның Агенттікпен ынтымақтастығы жолына қайта оралуын сұрады. Гросси атап өткен инспекторлардың саны сегіз және олардың француз және неміс  азаматтары. АҚХА-не мүше елдер Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (NPT) сәйкес өздерінің ядролық нысандарына бару үшін тағайындалған инспекторларға жалпы вето қоя алатынына қарамастан, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Теһранның шешімін әдеттегі процедуралардан асып түседі деп мәлімдеді. Тіпті Рафаэль Гросси Иранның шешімі заңсыз болмағанын мойындайды. Гросси: "Теориялық тұрғыдан және агенттікке қатысты келісімдер бойынша, Иранға мұндай рұқсат берілді, бірақ бұл біржақты шешім «пропорционалды емес және бұрын-соңды болмаған» және Иранның жасағаны «қате бағытта тағы бір қадам» және «онсыз да шиеленіскен қарым-қатынасқа қажетсіз соққы» болды",- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Чафи АҚХА Бас директоры Рафаэль Гроссидің мәлімдемесіне реакция білдіріп: "Өкінішке орай, Еуропаның үш елі (Ұлыбритания, Франция және Германия) және АҚШ, Ислам Республикасының Агенттікпен оң, АҚХА арасындағы ынтымақтастық атмосферасын жою мақсатында Басқарушылар кеңесінің кеңістігін өздерінің саяси мақсаттары үшін теріс пайдаланды. Күмәнсіз, Иранның АҚХА инспекторларының лицензиясын қайтарып алу әрекеті осы ұйым мен еуропалық үштікке Иранның Агентікке берген міндеттемесін теріс және саяси тұрғыдан пайдаланған жағдайда Иран Ислам Республикасы өз ықтиярындағы заңды құралды пайдаланады деген ескерту болып табылады.  

 

Тегтер