Қыр 19, 2023 13:52 Asia/Almaty
  • Иран мен АҚШ тұтқындармен алмасты

Америка түрмелеріндегі Иранның бес азаматының екеуі бостандыққа шыққан соң Иранға оралды.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының айтуынша, олардың бірі отбасының басқа елде болуына байланысты үшінші елге ауыстырылады. Тағы екеуі бостандыққа шыққаннан кейін тұрғылықты жерінде қалуға ниет білдірді. Ирандағы бес америкалық тұтқын бүгін бес ирандық тұтқынды босату және Иранның Кореядағы қаржылық ресурстарын босатудың орнына босатылды.

Соңғы бірнеше жылда Иран мен АҚШ арасында жанама түрде өткен қарқынды келіссөздерде маңызды тақырыптардың бірі тұтқындарды алмасу және Иранның қаржылық ресурстарын босату болды.

 

Тегтер