Форд пен General Motors жүздеген қызметкерлерін уақытша жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр
(last modified 2023-09-19T09:14:28+00:00 )
Қыр 19, 2023 15:14 Asia/Almaty
  • Форд пен General Motors жүздеген қызметкерлерін уақытша жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр

Ford және General Motors компаниялары жұмысшылардың ереуілінің ортасында жүздеген қызметкерін уақытша жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл уақытша және ақысыз жұмыстан босату американдық автоөндірушілер кәсіподақтарының ереуілінің ортасында болды және тіпті ереуілге қатыспайтын қызметкерлерге де таралды. Форд, Дженерал Моторс және Стлантис жұмысшыларының ереуілі жұма күні 13 мыңға жуық жұмысшының қатысуымен басталды. Ереуіл көлік жасаушылар мен кәсіподақ жұмысшылардың еңбек шарттарын өзгерту туралы келісімге келе алмаған соң басталды.