Қыр 19, 2023 16:41 Asia/Almaty
  • Раиси: Күш-көрсету әрекетін өзгерту Иранның сеніміне ие болады, Америка оны жасай алмады

Біріккен Ұлттар Ұйымының 78-ші Бас ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған Ибрахим Раиси америкалық бір топ сыртқы саясат ойшылдарымен кездесіп, пікір алмасты.

Бұл кездесуде Раиси АҚШ үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімді бұзуына назар аудартып,  ядролық келісім мен Иран-АҚШ қарым-қатынастары туралы: «Америкада үкіметтің ауысуы және жаңа үкіметтің өз міндеттемелеріне қайтып келуге дайын екендігінің жариялануымен Иран Ислам Республикасы да жақсы келісімге әзірлік пен келіссөздер туралы мәлімдемені байыппен ұстанды. Бірақ біраз уақыттан кейін қарсы жақтардың өз міндеттемелерін орындамайтыны белгілі болды»,- деді.

Иран Президенті елдегі тәртіпсіздік жағдайында американдықтардың қате есептеулеріне сілтеме жасап: «Америка үкіметі кейбір ирандық жалдамалы элементтердің қате кеңестеріне, сондай-ақ тыңшылық қызметтердің қате бағалауларына байланысты, келіссөздерден шығып, ол тәртіпсіздіктерді нәтижеге жетеді деп ойлады. Бүгінгі таңда ИИР – бұл серпіндердің тұрақтылығына ешқандай әсері жоқ мықты ағаш»,- леп мәлімдеді. Раиси Иран халқының гибридтік соғысқа қарсы жеңісін қасиетті қорғаныстағы жеңіс пен қатыгез санкцияларды еңсеру сияқты бұрынғы дұшпандықтардың барлық түріне қарсы ұлттық жеңістерінің жалғасы деп санады.

Тегтер