Оман армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы Иран Қарулы күштері бас штабының басшысымен кездесті
Қыр 21, 2023 16:38 Asia/Almaty
Оман армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы бастаған делегация Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Бағеримен кездесті.
Матар бен Салем әл-Балуши мен генерал-майор Бағеридің кездесуінде Оман мен Иранның әскери-қорғаныс саласындағы байланыстарын аймақ деңгейінде дамыту мәселесі талқыланды.
Оман армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы Иран армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы бригада генералы Хейдаридың шақыруымен Иранға сапар шекті.
Тегтер