Қыр 23, 2023 12:37 Asia/Almaty
  •  Раиси: Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымын қайта қарау – қажеттілік

Ибрахим Раиси ресейлік RT телеарнасымен сұхбатында БАҚ өкілдерінің  Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымын реформалау қажеттігі, ИИР-ның БРИКС-ке мүшелігі, Иран Ислам Республикасының Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты ұстанымы, Иранның босаған валюталық қаржылық ресурстары,  Иран мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың  келешегі, сондай-ақ  елдегі былтырғы тәртіпсіздіктер жауап берді.

Иран Президенті Украинадағы соғысқа қатысты: "Біз Украина мен Ресей арасындағы соғысты мүмкіндігінше тезірек тоқтату барлығына пайдалы болады деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, бұл соғыстың себебі НАТО-ның билеп-төстеушілігі. Бүгінде Украинаны АҚШ пен Еуропа елдері қатты қолдап, қаруландырып отыр, бұл табиғи түрде бұл елді соғысты жалғастыруға итермелейді. Сұрау керек, бұл соғыстың жалғасуы кімге пайдалы? Одан Украина ұтады ма, әлде қаруын сатқысы келген елдер ма?"- деді.

 

Тегтер