Иран мен Швецияның Сыртқы істер министрлері кездесіп кеңесті
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Швецияның қарым-қатынас тарихының әріптестікке толы екенін айтып: "Өзара елші алмасу үшін Швецияның Құран кітабына қатысты дұрыс қадам жасауын күтеміз",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының 78-шы отырысы аясындағы қысқа дипломатиялық кездесулердің жалғасында Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Бильстреммен кездесуінде соңғы бірнеше айда телефон арқылы бірнеше рет сөйлескеніне тоқталып: "Түрлі салада сұхбаттасып, пікір алмасу үшін маңызды тақырыптар бар. Бірақ ең маңызды тақырып – Швецияда Құран кітабын қорлаудың жалғасуы",-деді.
Амир Абдуллахиан Швецияда Құран кітабына құрметсіздіктің жалғасуынан әлемде 2 млрд мұсылманның сезіміне сызат түскенін айтып: "Швецияның құндылықтарын қорғау үшін 2 млрд мұсылманның сезімін аяқ асты етуді қабылдауға болмайды. Сондықтан Швеция үкіметінің осы салада жауапкершілік алу керегін баса айтамыз",-деді.
Швеция Сыртқы істер министрі осы кездесуде: "Стокгольм үкіметі исламофобияны қабылдамайды. Біз діни төзімділікті жақтаймыз",-деді.
Ол өз елінің Теһранмен әріптестікті жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.