Қыр 24, 2023 19:05 Asia/Almaty
  • Нидерландыда антиисламдық топтың басшысы Құранға тағы құрметсіздік көрсетті

PEGIDA антиисламдық тобының басшысы сенбі күні Нидерландыдағы Түркия елшілігінің алдында Құран кітабының бір нұсқасын жыртты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Гаагадағы Пәкістан, Индонезия және Дания елшіліктері алдында Құран кітабына құрметсіздік көрсеткен Эдвин Вагенсвельд сенбі күні ислам мен мұсылмандарға тіл тигізді.

Еуропада исламофобия, діни құндылықтарға және мұсылмандардың наным-сенімдеріне тіл тигізу қалыпты іске айналды. Батыс елдерінің үкіметтері мен органдары бұған тек ауызша жауап берді, тіпті кейбір еуропалық елдер мұны сөз бостандығы деп атады. Бұл осы жиіркенішті әрекетті жалғастыруға рұқсат болды.   

Тегтер