Қыр 24, 2023 20:09 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: Иранмен келісіміміз өзара құрметке негізделген

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі сенбі күні: "Иранмен келісіміміз өзара құрметке және ішкі іске араласпауға негізделген",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Фейсал ибн Фархан БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Палестина мәселесі туралы: "Палестина халқының арман-мақсаттарын орындауға кедергі жасайтын кез келген біржақты әрекетке қарсы",-деді.

Фейсал ибн Фархан: "Біздің ойымызша, Батыс Азияның қауіпсіздігі Палестина мәселесіне қатысты әділ де жан-жақты шешім жолын қажет етеді",-деді.

Фейсал ибн Фархан: "Халықаралық қауымдастық діни құндылықтарға тіл тигізу, жиіркеніш тарату және исламофобияға қарсы қатаң шара қолдануы тиіс",-деді.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: "Йеменде қауіпсіздік пен тұрақтылық орнауын қалайтынымызды, осы елдің дағдарысын шешуге бағытталған кез келген талпыныстарды қолдайтынымызды мәлімдейміз",-деді.

Фейсал ибн Фархан Ауғанстанда тұрақтылық орнатудың маңыздылығын баса айтып, бұл елдің лаңкестік топтардың ошағына айналмауы керегін айтты. 

Тегтер